Ұлттық ұлан қатарына көктемгі шақыруда 7 мың азамат қабылданады

 ҚР Ұлттық Ұланы фото на taspanews.kz от 05 марта 2025 09:16
Фото: ҚР Ұлттық Ұланы

Ұлттық ұлан құрамына 7 мың азаматты қабылдау жоспарланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әскери бөлімдер 20-30 маусым аралығында жасақталады. Сарбаздар облыстық және республикалық маңызы бар әскери бөлімдерде қызмет ететін болады. Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан әскери бөлім өкілдері шақырушыларды алдын ала зерделеу мен жасақтау шараларын жүргізуде.


"Сарбаздардың міндетіне маңызды мемлекеттік нысандарды күзету, ішкі істер органдарымен бірлесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету кіреді", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, мерзімді әскери қызметкерлерді қолдау үшін 2024 жылы Қарулы күштерге және басқа да әскери құрылымдарға, әскерге 3 мың білім гранты бөлінді. Оның 1 267 - сі Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне бөлінді. 22 сарбаз қызметін аяқтап, Ұлттық ұлан академиясына түсті. Осылайша, оларда лейтенант шенін алуға мүмкіндік туды.