Ұлттық ұлан сарбаздарының ас мәзіріне дәстүрлі қазақ тағамдары енгізіледі

Фото: ҚР Ұлттық ұланы

Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына қазақтың дәстүрлі тағамдарын енгізу бастамасын көтерді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Бұл жаңашылдық сарбаздардың жауынгерлік рухын нығайтып, ұлттық мәдениетті дәріптеуге бағытталған. Енді олардың ас мәзірінде қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар болады. Бұл бастама Қазақ тамақтану академиясымен алдын ала келісілді.