Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай қаржылай көмек беріледі

pixabay.com фото на taspanews.kz от 24 января 2025 10:48
Фото: pixabay.com

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандық ардагерлерге 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрлік мәліметіне сай, 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 120 ҰОС ардагерлері, сонымен қатар жеңіске үлес қосқан 42 545 адам тұрады. Олардың қатарында Ленинград блокадынан аман өткен 67 азамат, концлагерьлерде кәмелетке толмаған кезінде болған 139 азамат, қаза тапқандардың жесірлері мен мүгедектердің жұбайлары, сондай-ақ 41 594 тылда еңбек еткен азамат бар.


«Ардагерлерді қолдау және олардың өмірін жақсарту Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізгі міндеттері болып қала береді. Көмек көрсету шаралары мемлекеттік деңгейде де, жергілікті деңгейде де көрсетіледі. Сонымен қатар, зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін қоса алғанда, азаматтардың 19 санаты үшін басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеуге қарамастан төленетін арнайы жәрдемақылар қарастырылған», – делінген министрлік хабарламасында. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҰОС қатысушыларына ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы 262 334 теңгені, соғыс кезінде зардап шеккен мүгедектерге 279 330 теңгені құрайды. Ардагерлер салық жеңілдіктерін пайдаланады және мамандандырылған ауруханаларда білікті медициналық көмек алады, санаториялық-курорттық ем ала алады. Салыстыру үшін 2024 жылы Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 79 жылдығына орай екі миллион теңге алған.


Следите за новостями Taspanews