Ұлытау ауданы тұрғыны жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланған

Pex фото на taspanews.kz от 07 апреля 2025 13:39
Фото: Pexels

Ұлытау ауданының жергілікті тұрғыны жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланып, қылмыстық табысын заңдастырған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында "Шығыс-Қаражал" карьерінен марганец рудасын өндірген. Алайда, бұл ісі жер қойнауын пайдалану келісімшарты мен лицензиясыз жүргізілді. Осы уақыт аралығында ол 16 млн тонна кен өндіріп, мемлекетке 1, 1 млрд тонна шығын келтірді. Қылмыстық табысы 3, 5 млрд теңгеден асқаны белгілі болды.


"Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында ол жалған келісімдер жасап, өзіне бақылаудағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы өңделген темір-марганец рудасын елімізде және Ресей Федерациясында сатқан",  – делінген ресми хабарламада.

 Сот үкімімен ол күнәлі танылды. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 97,8 млн теңге мүлкі тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енбеді.


Следите за новостями Taspanews