Ұлытау облысында 7 шахта қызметкері тау-тастың астында қалды

Pexels фото на taspanews.kz от 17 февраля 2025 22:57
Фото: Pexels

2025 жылы, 17-ақпан күні Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде тау-тас құлағаннан 7 адамды құтқару жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Оқиға орнына Ұлытау облысы мен Қарағанды облысы ТЖД күштері, кинологиялық есеп пен дәрігерлер, психологтар жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кабельдердің үзілуінен шахта қызметкерлерімен байланысу мүмкін болмауда.


«ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7172) 55-96-21»,  – делінген ТЖМ хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews