Ұлытау облысында балықшылар құтқарылды

Фото: Pexels

Ұлытау облысында жол үстінде қалып қойған бір топ балықшы құтқарылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


2 жеңіл автокөлікпен балық аулауға шыққан ер адамдар жауын-шашын салдарынан туындаған балшықта тұрып қалған. Ауылдық жерлерді қосатын, абаттандырылмаған жолдан өздігінен шыға алмай қалды.


Құтқарушылар балықшылардың автокөлігін тазартылған жерге дейін жеткізіп, Жезқазғанға дейін сүйемелдеді