Ұлытау облысында есірткі затын үйінде ұстау бойынша күдікті ұсталды
Фото: Pexels
Ұлытау облысында дәрі-дәрмек және есірткі бойынша бұзушылықтар анықталды анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Облыстық бірнеше дәріханаларда қатты әсер ететін дәрі-дәрмектің арнайы рецептсіз сатылғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, Жәйрем кентінде есірткі айналымына қатысы бар тұрғын ұсталды. Күдіктінің үй-жайында 4 кг марихуана табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.
Жалпы облыс бойынша есірткі қылмысымен байланысты 5 жағдай тіркелді.