Ұлытау облысында қаза тапқан шахтерлердің отбасына көмек көрсетіледі
Фото: Pexels
"Қазақмыс" ЖШС атынан ұжымдық келісімшартта көрсетілгендей, әлеуметтік және материалдық қолдау мақстында, соның ішінде моральдық зиянды өтеу үшін қаражат бөлінеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Қаза тапқандардың отбасына қызметкердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері ұсынылып, жерлеуге қажетті шығын өтеледі.
«Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған»,
Өз кезегінде Ұлытау облысы әкімдігі қаза тапқандардың жақындарына психологиялық және әлеуметтік тұрғыда қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
"Қазақмыс" ЖШС келтірген алдын ала ақпаратқа сай, шахтадағы апатқа газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін.