Ұлытау облысында мас күйінде көлік айдаған азамат жаяу жүргіншіні қаза етті
2024 жылы, 10 маусымда Ұлытау облысында мас көлік жүргізуші адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс соттарына сілтеме жасап.
Қылмыстық іс облыстық ауданаралық сотта қаралды. Іс материалдарына сай, сотталушы көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылғанын елемей, көлікті мас күйде айдау барысында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол апаты болған жерден кетіп қалып, сонымен қатар жол ережелерін бұзып, көлік құралдарын дұрыс пайдаланбағаны бойынша айыпталды.
Жол апатынан зардап шеккен азамат Жезқазған қаласында қайтыс болды.
Күнә сараптама мен куәгерлер сөзімен дәлелденді. Құқық бұзушы да өз күнәсін толықтай мойындады.
"Сот үкімімен «Р».-ға ҚК-тің 55-бабының талаптарын ескере отырып, 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылықтардыңжиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде тағайындалды",
Жәбірленуші жақ пайдасына 3 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.Сот үкімі заңды күшіне енбеді