Ұлытау облысында сот банктың банкроттық туралы шешімді жою жөніндегі талабын қанағаттандырмады

Freepik фото на taspanews.kz от 17 февраля 2025 12:03
Фото: Freepik

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты банктің салық органына бағытталған азамат А.-ның соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және оны банкрот деп тану туралы шешімін жою жөніндегі талап-арызын қарады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ұлытау соттарына сілтеме жасап.


 Сот банктің уәждерін негізсіз деп тауып, талап-арызды қанағаттандырудан бас тартты.


2023 жылы салық органы азамат А.-ның өтініші негізінде оны банкрот деп таныған. Банк бұл шешімге қарсы шығып, борышкердің тұрақты табысы барын алға тартты. Алайда сот азамат А.-ның қарызын өтеуге шамасы келмегенін, қарызының 4634 күн бойы өтелмегенін және тәркіленген мүлкінің сатылғанын ескеріп, соттан тыс банкроттық рәсімі заңға сәйкес жүргізілген деген қорытындыға келді. Осыған байланысты сот банктың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Қабылданған шешім заңды күшіне енген жоқ.  


Следите за новостями Taspanews