Ұлытау облысында сот жүйесінде қазақ тілін дамыту мәселесі талқыланды

Deposit фото на taspanews.kz от 31 января 2025 13:24
Фото: Depositphotos

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Сот жүйесіндегі қазақ тілін жаңғырту» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz 


Жиында сот ісінде мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелері қарастырылып, оның мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.


Мамандар қазақ тілін жетілдіруге арналған әдістемелік құралдар мен оқыту бағдарламаларын таныстырып, сот қызметкерлерінің тілдік біліктілігін арттыру бойынша тренинг өткізу қажеттілігін атап өтті. Кеңес нәтижесінде сот ісін қазақ тілінде жүргізуді кеңейтуге бағытталған нақты қадамдар жасалатыны айтылды.


Следите за новостями Taspanews