Ұлытау облысындағы көктемгі су тасқыны себебі белгілі болды

Фото: ҚМА телеграм

Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасы басшысына қатысты тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


Белгілі болғандай Ұлытау облысында өткен су тасқынына Табиғи  ресурстар басқармасы басшысының іс-әрекеті себеп болған. Оған бағытталған қылмыстық істер бойынша келесі белгілі болды:


«Жезді өзенін санациялау» жобалау құжаттамасында ауытқулар байқалған және құрылыс нормалары орындалмаған. Нәтижесінде, бұл жобалаушы мәлімдеген су көлемінің өткізу қабілетін азайтты.


Еске салсақ, олқылық салдарынан көктемде 10 жеке үй су астында қалды, 108 адам эвакуацияланды.


Қылмыстық іс сотқа жөнелтілді.