Ұлытау облысындағы опырылған шахтадан барлық жұмысшының денесі табылды
Фото: Pexels
17-ақпан күні Ұлытау облысы "Қазақмыс ЖШС" Жомарт кенішінде құлаған тау-тастың арасынан 7 шахта қызметкерінің денесі табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Олардың жеке бастары анықталуда. Денелер сыртқа шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полицияға тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
2025 жылы, 17-ақпан күні Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде тау-тас құлаған. Кабельдердің үзілуінен шахта қызметкерлерімен байланысу мүмкін болмады.