Ұлытау облысындағы шахтаның опырылуы бойынша үкіметтік комиссия құрылды
Фото: Freepik
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тапсырмасымен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында болған шахтаның опырылу себебін анықтау және зардап шеккендерге көмектесу бойынша арнайы комиссия құрылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комиссияны Премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Вице-премьер мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.