Ұлытау облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты

Патриот телеграм арнасынан скриншот фото на taspanews.kz от 05 января 2025 08:45
Фото: Патриот телеграм арнасынан скриншот

Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауылының маңы, Қызылорда-Павлодар тас жолында арты адам қазасына әкеліп соққан жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Патриот телеграм арнасына сілтеме жасап.


Автокөліктің бірі жол шетіне шығып кеткен. Қаза тапқандардың жолаушы немесе көлік жүргізушісі екенін анықтау мүмкін болмады.


"Біз екі көліктің соқтығысқанын және үш адамның қайтыс болғанын растаймыз. Сотқа дейінгі тергеу басталды", – Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Следите за новостями Taspanews