Ұлытауда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы көтерілді

 фото на taspanews.kz от 11 июня 2024 11:53
Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Ұлытау өңірінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының көтерілуінің жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап


Ұлытау ауданындағы білім беру ұйымдарында азық-түлік және ең қажетті тауарлар бағасының негізсіз өсуі фактілері Қаржы мониторингі агенттігімен анықталып, жолын кесілді.


Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Жезқазған қаласындағы 12 мектепке дейінгі мекемеде жеке кәсіпкерлерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жоғарылатылған бағамен сатып алу фактілері орын алғаны анықталды.


Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың өндіруші зауытынан түпкі тұтынушыға дейінгі құнының айырмашылығы: қант – 147% (303 теңге/кг-ға қарсы 750 теңге/кг); қарақұмық – 150% (232 теңге/кг-ға қарсы 580 теңге/кг); айран 2,5% майлылығы – 135% (179 тг/л қарсы 450 тг/л); нан – 274% (85 теңге/данаға қарсы 475 теңге/дана); тауық жұмыртқасы – 51% (65 теңге/дана 43 теңге/дана).


Нәтижесінде жеткізушімен қосымша келісімдер жасалып, оның негізінде нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 12 түріне бағаны төмендетуге мүмкіндік туды. 


Соның арқасында 17 миллион теңгеден астам қаржыны үнемдеуге қол жеткіздік.


Следите за новостями Taspanews