Ұмра мен хадж кезінде алаяқтыққа тап болмаудың жолдары ескертілді
Фото: Polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрі Ұмра мен Хаджды жоспарлау кезеңінде алаяқтық жолмен қызмет ететін туристік фирмалардан сақ болу жолдарын атап көрсетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Туристік фирма таңдау кезінде маңызды кеңестер келтірілді:
1. Дұрыс туристік фирмада мемлекеттік лицензия болады. Сонымен қатар, әр туристке туркод беріледі. Басқа адамдардың бұл фирма жайлы пікірін сұрастырған жөн;
2. Арзан бағаға қызықпаңыз. Баға нарыққа сәйкес келуі керек;
3. Келісімшарттар мен құжаттарды мұқият оқу қажет;
4. Туристік фирманың мекен-жайы, поштасы, байланыс нөмірі көрсетіліп тұруы керек;
5. Турдың бағдарламасын қарап шығыңыз.
Тур құнына не кіретінін біліп алып, одан артық шығын болмайтынына көз жеткізіңіз.