Университетке түсу үшін процентсіз несие алу 10 жыл өтеледі

Грантқа несие фото на taspanews.kz от 05 августа 2024 11:50
Фото: Pexels

Грантқа ие болмаған түлектер үшін процентсіз несие қарастырылған. Өтініштерді қабылдау жақын арада басталады, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24KZ сайтына сілтеме жасап.


Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нурбек бұл несие жайлы сөз қозғаған. Осыған орай, несие осы жылдан бастап қолжетімді болады. "Қаржылық орталық" АҚ несие беруді жүзеге асырады. АҚ келтірген дерек бойынша, бағдарлама механизмі ойластырылып, іске асуға дайындалуда. Несиені оқуға арналған гранттың кей бөлігі төленетін түлектер ала алады.


Бұл ретте үміткерге тұрақты табыс көзі бар кем дегенде бір адам кепілгер болу тиіс. 10 жыл төленетін несиені оқуды аяқтамаған жағдайда 1 жылда төлеуге міндеттелген.


Еске салсақ, Саясат Нұрбек телеграм арнасында әлі де грант алуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Ол 3 мыңға жуық талапкер гранттан бас тарту мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар: 


 -Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар;

- KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз
- Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты;
- Жұмыс берушілердің гранттары;
- Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.
- Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі;
- Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде;
- Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар. , – деп қорытындылады.

Следите за новостями Taspanews