Үш айдың ішінде 23 жасөспірім есірткі қылмысы бойынша ұсталды
Фото: Pexels
2025 жылдың соңғы үш айының ішінде Қазақстанда 23 жасөспірім есірті заттарын сақтау мен тарату бойынша ұсталған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандарды есірткі айналымына тарту жалғасып келеді. Нысан ретінде 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің бірінші курс студенттері таңдап алынуда.
Осы орайда, ҚР Полициясы ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауды ескертті. Есірткі қылмысы үшін Қазақстанда жауапкершілік 16 жастан басталады. ҚР Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін жасөспірім бас бостандығынан айырылуы мүмкін.