Ұшақ апаты: Қырғызстан азаматтарын елге жеткізу үшін 7 адамдық делегация келді

Фото: jetphotos.com

Маңғыстау көпсалалы облыстық ауруханасына қырғызстандық арнайы делегация келді, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24kz сілтеме жасап.


Делегация құрамында Төтенше жағдай министрлігі өкілдері, түрлі сала мамандары, дәрігерлер мен зардап шеккендердің туған-туыстары болды.


Дәрігерлер бірігіп өткізетін консилуимда азаматтарды Қырғызстанға қайтару бойынша мәселе талқыланады.


Ұшақ ішінде болған 3 қырғызстандықтың екеуі түрлі жарақат алған, ал үшіншісі жан сақтау бөлімінде. Жағдайлары тұрақты.