Ұшақта адам өмірін аман алып қалған студенттің оқу ақысын төлеуге көмек көрсетіледі

Фото: Астана медициналық университеті
«Астана медицина университетінде» білім алатын Дінмұхамед Бектұрғанның резидентурадағы білім алу ақысын өтеуге көмек беріледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Astanovka98 телеграм арнасына сілтеме жасап.
Интернатураның 7-курс студентіне мемлекет атынан Қызылорда облысы әкімдігінде оқу ақысы бойынша көмек көрсетіледі.
Осыған дейін ол Астана медициналық университеті, Денсаулық сақтау министрлігі мен «Аманат» партиясы атынан грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атынан Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар, «Qazaq Аir» компаниясы тегін әуе билеттерін беріп, алғыс білдірді.