Үшінші рет ана атанған Баян Алагөзова қызына қандай есім қойғанын айтты

Баян Алагөзова жаңа туған сәбиімен  фото на taspanews.kz от 07 августа 2024 13:49
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Үшінші рет ана атанған танымал продюсер Баян Алагөзова қызына қандай есім қойғанын айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Баян Алагөзованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Продюсер қызғылт түсті шарлармен әсемделген балалар бөлмесінде қызымен фото жариялады.


«Үйге қош келдің, Алагөзова Алиса Тұрсынғалиқызы!», – деп жазды Мақсатқызы.


Желі қолданушылары жақсы тілектер мен жылы лебіздерін білдіруін тоқтатар емес.


«Салиқалы ұрпақ болсын!», «Бақытты болсын! Қаншама әйелдерге мотивация бердіңіз!», – деп жазды желі қолданушылары.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews