«Ұяттарың қайда»: Мақпал Жүнісова өзін күйеуге шықты деп жалған ақпарат таратқандарға ескерту жасады

Мақпал Жүнісова  фото на taspanews.kz от 28 октября 2024 16:33
Фото: Ашық дереккөзден

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова желіде тараған жалған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл туралы Instagram-дағы ресми парақшасында айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Әнші ашуға булығып, жалған ақпарат таратқандарға ескерту жасады.


«Tik-Tok желісінде ауызына келгенін айтып отырған қыздар мен жігіттер, сендер кімсіңдер? Мені «Күйеуге шықты» деп ойбай салып жатыр екенсіңдер. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймыз деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой. Ойларыңа келгенді саласыңдар. Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын. Адам жалдап, соттасамын, ақшаларыңды бәрін алып кетемін. Ешқандай күйеуге шыққан жоқпын. Мені қарсы алған режиссер болатын», - деді эстрада жұлдызы.  


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews