«Үйіңнің алдына емес, ауылыңа қарай асфальт төсеп берсе де, жарасады»: Сара Тоқтамысова Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбайды құттықтады

Назым Қызайбай, Сара Тоқтамысова  фото на taspanews.kz от 07 августа 2024 15:10
Фото: instagram.com

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Париж Олимпиадасында қола медаль иегері болған боксшы Назым Қызайбайды құттықтады. Бұл туралы Taspanews.kz Сара Тоқтамысованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Өнер иесі, Назымның үйінің алдына ғана емес, ауылына баратын жолға асфальт төсеп берсе де артық емес екенін айтты.


«Назым, сен мықтысың! Қазақтың қоржынын қоламен толықтырдың! Үйіңнің алдына ғана емес, Ауылыңа қарай асфальт салып берседе жарасады. Шынын айтсам қыздардың боксын көре алмайды екенмін. Өте ауыр спорт түрі екен», – деп жазды ақын.  


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews