Валюталар бағамы туралы мәлімет айырбастау пунктінен тыс жерде орналастырылмауы мүмкін

Фото: Pixabay.com

2025 жылғы 28 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі Басқарма қаулысының жобасы бойынша шетел валюталарын сатып алу мен сату бағамы туралы мәліметтерді қамтитын стендтерді айырбастау пункттерінен тыс жерде орналастырмау ұсынылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ашық НҚА сілтеме жасап.


Жария талқылаудан кейін заң жобасы қолдау тауып, мақұлданса, валюталар бағамы туралы мәліметті қамтитын стендтер айырбастау пункті ішінде немесе пункттің операциялық кассасының жанында орналастырылады.


«Осылайша, егер айырбастау пункті көпфункционалды мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда (оның ішінде іскерлік орталықтарда), теміржол вокзалдарының, казино ғимараттарында, халықаралық әуежайлардың аэровокзалдарының ішінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз және өзен өткізу пункттерінің аумағында орналаспаған жағдайда ғана аталған ақпараттық стендті айырбастау пунктінің үй-жайынан тыс жерде орналастыруды болдырмау жоспарлануда», – делінген ресми құжатта.

Жоба айырбастау пункттерінің ақпараттық стендтерін орналастыруға қойылатын талаптарды регламенттеу мақсатында дайындалды.


Жоба қолдау тапса, 2025 жылы тамызда жүзеге асады.