Владимир Путин Ақтаудағы ұшақтың қирауы бойынша Әзірбайжан Президентінен кешірім сұрады
Фото: Wikimedia Commons
Владимир Путин Ақтау маңында болған ұшақ апатына әкеп соққан қайғылы оқиға Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін Әзірбайжан басшысынан кешірім сұрады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Кремльге сілтеме жасап.
Ұшақ Бакуден Грозныйға жол тартқанда Грозный, Моздок және Владикавказды Украинаның әскери ұшқышсыз ұшу апараттары соққыға ұшыратқан.
Ресей тарапымен Қылмыстық кодекстің 263 бабы – «Қозғалыс қауіпсіздігі және әуе ұшағын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әзірбайжанның 2 бас прокуроры Грозный қаласында Ресейдің Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетімен бірігіп, жұмыс істеуде. Ақтауда да өкілдер өзара қарым-қатынаста мәселе аясында жұмылды.