Владимир Путин Қазақстандағы ҰҚШҰ саммитіне қатысады

Фото: Pexels

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының көшбасшысы Владимир Путинді елге жаңа сапармен шақырды. Ресей басшысы шақыруды қабылдады, – деп хабарлайды Taspanews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.


Елордада ШЫҰ-ның алдағы отырысы қарсаңында екі президент арасында өткізілген әңгіме аясында Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Қазақстанға жыл соңына дейін келуі мүмкін екенін атап өтті. Алайда, ендігі кезекте ол ресми визитер ретінде есептеледі.


Путин бұл ұсыныс үшін Президентке алғысын білдіріп, кездесуді осы күзде елімізде өтетін ҰҚШҰ отырысымен ұштастыруға болатынын айтты.


ШЫҰ Саммиті Астанада 3 және 4 шілдеде екі кезеңде өтетінін еске саламыз. Жиналыс қорытындысы бойынша Астана декларациясына қол қойылады және Беларусьтің ұйымға толық құқылы мүше ретінде кіруі ресми ресімделеді.