Вокзалдарда "Күту парағы" қызметі бойынша консультациялар өткізіледі
Қазақстанның теміржол вокзалдарында "Күту парағы" қызметі бойынша консультациялар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz rail-news.kz сілтеме жасап.
Жолаушыларға қызметті игеруге көмек беріліп, кассаға бару қажеттігін артқа тастап, жоспарланған сапарларға билеттерді өз бетінше брондауды үйретеді.
"Қазақстан темір жолы" компаниясы жеке кассалардағы билеттердің заңсыз қайта сатылу жағдайларын анықтады.
Жолаушылар қажетті ақпаратты алып қана қоймай, компания қызметкерлерінің көмегімен бірге "Күту парағын" пайдалана алады.
"Ақпараттық-кеңес беру аймақтары күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. "Күту парағы" қызметінің көмегімен жолаушылар билеттер сатылымда болмаған жағдайда біреу бас тартқан бос орынға билетті сатып алу кезегіне тұра алады. Бұл қызметті билеттер сату сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында жеті күннен ертерек емес және пойыз жөнелтілмес бұрын екі сағатқа дейін кешіктірмей тегін пайдалануға болады", – деп түсіндірді компания.
Сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ жыл басынан бері "Күту парағы" қызметін 17 мыңға жуық адам пайдаланғанын хабарлайды.