«Әйел үйде демалмайды»: Мөлдір Әуелбекова желіге әйелдер туралы жазба жариялады

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әйелдер туралы жазып, оларға қолдау білдірді. Бұл туралы Taspanews.kz мөлдір Әуелбекованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Әнші желіге қызыл кілемде жүріп келе жатқан видеосын жүктеді.


«Әйел үйде демалмайды. Таңнан кешке дейін үйдің, бала-шағаның, ата-ененің, күйеуінің тб. жағдайын жасайды. Ол зерігеді! Сол себепті, әйелді бір сәт сыртқа сергуге шақыру керек. Ол да демалсын», – деп жазды әнші. Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазып қалдырды. Олар нәзік жандыларға түсіністік танытқан өнер иесіне алғыс айтты. «Дұрыс айтасыз», «Сыртқа емес, алысқа кетіп, демалу керек», «Мені түсінгеніңе рақмет», «Көз тимесін», «Дұрыс айтасыз», «Киіміңіз өте әдемі», «Не деген сұлулық», – деп жазды жұрт.  


Пост из социальной сети