Әйелдер шахмат құрамасы Дүниежүзілік олимпиадада күміс иеленді

Фото: Kazchess

Венгрияда өткен Дүниежүзілік 45-ші шахмат олимпиадасында әйелдер құрамасы күміс иеленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Kazchess-ке сілтеме жасап.


Польша мен АҚШ құрамаларын жеңе отырып, IM Бибисара Асаубаева (2482), IM Меруерт Камалиденова (2352), WIM Ксения Балабаева (2335), WIM Амина Кайрбекова (2243) және WIM Aлуа Нурман (2324) алға шығып, 2 ші орынды иеленді. 


Құраманы жеңісімнн Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады. 


Бұл қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін, – деді ол өз құттықтау жазбасында.