Қызылордада пәтерлер ұрлығына қатысқан күдікті топ ұсталды

Қызылорда 24 пәтер фото на taspanews.kz от 26 июля 2024 09:18
Фото: Қызылорда облысының Полиция департаменті

«ІТ TERGEU» жобасы аясында прокуратураның бастамасымен қызылордалық жедел уәкілдер 24 рет пәтер ұрлығына қатысқаны үшін күдікті атанғандарды анықтады. Олар Шиелі ауданында кезекті пәтер ұрлығын іске асырған жерінен ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қызылорда облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Үй иесінің ақшасы, құндыз тоны, техникасы мен алтын бұйымдардын ұрлаған олар терезе арқылы үйге заңсыз енген. Тәрікіленген заттар – айғақ ретінде қарастырылды. Нәтижесінде, келтірілген залал 14 млн. теңгені құрады.


Күдіктілер қатары үшеу –  біреуі Абай, ал екіншісі Ақмола облыстарының тұрғындары. Үшінші күдікті туралы ақпарат берілмеген. 


Тергеу барысында олар осыған ұқсас 24 ұрлық жасағаны белгілі болды. Тергеу жалғасады. 


"Өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Өзге мән-жайлар Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 47-бабы және 201-бабы тәртібінде жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77 - бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады".   Қызылорда облысының Полиция департаменті

Следите за новостями Taspanews