Зауыттарда келешекте энергия өндіру үшін қалдықтар жағыла ма? Сарапшы жауабы

Фото: Pexels

Бір апта бұрын EnergyProm.kz сайты Қазақстан өткен жылы 3,3 миллион тонна қоқыс жинап, оның тек 13 тоннасын энергия өндіру үшін жағуға жұмсағаны туралы мәліметті келтірді. Taspanews.kz редакциясы мәліметтердің нақты келтірілмеуі, ауаның ластануы және қалдықтарды өңдеу мен утилизацияның маңызы мен болашағы туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ҚР ЕЖМ) коммуналдық қалдықтар департаментінің басшысы Абылай Әлмұхановпен әңгімелесті.


Есеп беру және деректер


Абылай Әлмұханов министрлік қазіргі таңда есепке мәліметтерді екі жолмен жинайтынын атап өтті.


«Ресми бланкі бұйрықтармен жинақталады, біз мәліметті әкімдіктерден, жергілікті атқарушы органдардан аламыз – департаменттер бізге жиналған және утилизациядан өткен қалдықтардың саны бойынша есеп береді. 2023 жылдың соңында жалпы көрсеткіш 4,3 миллион тоннаны құрады. Әкімдіктің мәліметіне сай, жиналған қалдықтың 23 пайызға жуығы сұрыпталса, қалғаны полигонға көмілген», — деді басқарма басшысы.


Әлмұханов EnergyProm ұсынған мәлімет мемлекеттік кадастрлардан алынғанын түсіндірді. Ол ақпарат 2023 жылдың соңында шыққан қалдық санымен құралды – нәтижесі 3,3 миллион тонна болған.


«Оның 13 мың тоннасы пайда үшін  жағылды (Ред. белгілі бір тиімді мақсатта жағу) деп келтіріліті. Біз бұл ақпаратты ресми түрде растамаймыз, себебі бұл кадастрдың деректері, онда кәсіпорындар инвентаризация аясында ретінде есеп толтырады. 13 мың тоннаны қай ұйым өртегенін де білмеймін, себебі бұл өте аз көрсеткіш. Мүмкін бір кәсіпорын орнатылған қондырғыларды қалдықтарды өз қажеттілігі үшін техникалық және термиялық кәдеге жаратқан болар, себебі 13 мың тоннадан қомақты энергия алу мүмкін емес еді», - деп түсіндірді басқарма басшысы.


Өртеу және қайта өңдеу


Әлмұханов жағу да энергияның утилизациялық процесі екенін, алайда қайта өңдеудің негізгі көрсеткіші емес екенін айтты. Бұған себеп – жағу алдында өңдеуге де әсер ететін процестер бар. Олар – сұрыптау, өңдеу, кәдеге жарату.


«Біздің елімізде жиналған қалдықтардың 23 пайызы одан әрі өңдеу арқылы утилизацияланды. Неліктен мен одан әрі қайта өңдеу туралы айтып отырғанымды түсіндірсем - сұрыпталған қайталама шикізат жоғары сапалы материал ретінде қайта өңделеді. Бұл енді бизнес саласы»,   - деді коммуналдық қалдықтарды өңдеу бөлімінің басшысы.

Әлмұхановтың айтуынша, сұрыпталған қалдықтар таза күйінде қызықтырады, әсіресе қайта өңдеу кәсіпорындарында (шыны, қағаз, пластмасса және т.б. ) сұранысқа ие. Бұл кәсіпорындар осы қалдықтарды сатып алады.


«Электр энергиясын алу мақсатында кәдеге жарату үлкен зауыттартарға ғана тән, әзірге мұндай іске асырылған жобалар жоқ»,   – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Әлмұханов ауаны ластамау үшін белгіленбеген жерлерде қалдықтарды жағуға тыйым салынғанын  еске салды.


Болашақта утилизация қалай жүргізілмек


Басқарма басшысы Экология министрлігі алдағы уақытта қоқыс қалдықтарын жағатын зауыттар салуды жоспарлап отырғанын айтты.


«Мұндай зауыттың жылдық жағу көрсеткіші 200-250 мың тоннаны құрайтын болады, себебі зауыттың жүктемесі жеткілікті болуы керек. 13 мың тонна ғана өңдейтін зауыт жоқ», - деді Әлмұханов.

Басқарма басшысының айтуынша,  мәлімет жинаудың – есептің екінші жолы Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік ұлттық деректер банкі (ҚБҚБ) құрылуда, оның аясында барлық ақпараттық жүйелер бір жерде болады.


«Коммуналдық қалдықтар бойынша есеп дайындау сол жақпен жүзеге асырылады. Шынымды айтсам, 2023 жылы ауыстыру кезінде толық емес мониторингке байланысты жетіспейтін мәлімет бар»,  - деді Әлмұханов.

Маман кадастрда бар және қалдықтарды утилизациялау бойынша есеп беруге міндетті кейбір кәсіпорындардың мұнымен айналаспағанын айтты. Жіті бақылаудағы кәсіпорындар (қоршаған ортаға ең көп әсер ететін бірінші және екінші санаттағы кәсіпорындар) бар, алайда қалдықтарды шығаратын шағын мекемелер көпшілік (дүкендер, мектеп қазандықтары және т.б.).


«Мекемелер өз жұмысы туралы мәлімет көрсеткенде қайта өңдеудің аз көлемін хабарласа, есеп нәтижесі де сәйкес болады. Есеп жасаудың қиындығы осыда. Өткен жылдары мониторинг толығымен жүргізіліп, бұл процесс үнемі қадағаланып отырғанда мұндай сұрақтар туындамайтын», - деді Әлмұханов.

Ол жыл соңына дейін Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік ұлттық деректер банкі жұмыс істей бастау керектігін, содан кейін есеп жасау сұрағы мұқият түсіндірді қарастырылатынын түсіндірді.


«Қазір барлық негізгі күш жаңа жүйені әзірлеуге және іске асыруға жұмсалуда, сондықтан көрсеткіштерде шамалы айырмашылық бар»,   - деді басқарма басшысы.