Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежайлар құрылысы басталды

Фото: br.katonkaragai.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді дамыту мақсатында курорттық аймақтарда әуежайлар құрылысы басталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Жоба туристерді тарту, экономиканы дамыту және жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталды.


Еске салсақ, 9 қаңтарда Қазақстанның кейбір курорттық аймақтарында әуежайлар салынатыны белгілі болды.