"Жәбірленушілер БАҚ назарын аударуға мәжбүр" — Қазақстандағы зорлық-зомбылыққа қатысты заңгер пікірі

Фото: Midjourney

15 сәуірде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қатаңдатылды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты ашық режімде жүргізілген сот аясында түзетулер қабылданды. Taspanews.kz редакциясы жария сот отырысы және жаңа заң халыққа қалай әсер еткені туралы сарапшыларға сауалдар қойды.


Қатыгездікті көргендер үндемей өтуді қоя бастады


Заңгер, "Право знать" арнасының авторы Надежда Гельдт бұл процестің резонанстығы халықтың көп бөлігін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне, соның ішінде некедегі қаржылық және психологиялық абьюз мәселесіне назар аудара, талқылауға тартуға мүмкіндік берді деп санайды.


Оның пікірінше, мәселені жасыру оны шешу мүмкіндігін жоққа шығарады.


"Бишімбаев саяси аренада көп көрінген, сондықтан мәселені жасыру мүмкін болмады. Сот процесінен кейін жаппай талқылаулар, үй тирандарын шеттету және заңнама деңгейіндегі өзгерістер пайда болды", - дейді Гельдт.

Заңды қатаңдатудан басқа, процесс талқылаудың әртүрлі бағыттарын тудырды: отбасының материалдық жағдайы, білімі, жұмысы және әлеуметтік мәртебесі қолайлы болғанмен ол отбасындағы жағдайға және зорлық-зомбылықтың болу-болмауына ешқандай әсер етпейтіндігі, сонымен қатар куәгер немқұрайлылығы қасіретке әкеп соғуы мүмкін екендігі сөз етілді.


"Мен өзім жанжалдасып жатқан жұпқа көшедегілер жақындап, айырмақ болғанын көрдім. Байқамағандай өтіп кететін адамдар саны азаюда", - деді заңгер.

Алайда, еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бәріне бірдей қатысты емес, сондықтан әрбір жәбірленуші қажетті қолдауға ие болғанға дейін бұл туралы жиі және дабыл қаға айту өте маңызды.


Құқықтық сауаттылықтың төмен деңгейі


Алғаш рет ашық сот отырысы халық назарын аударды. Оны Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан үш миллионнан астам адам көрді, олардың арасында қазақстандықтар да, шетелдіктер де бар.


Кейбір қазақстандықтар үшін елімізде алқабилер соты институты бар болғаны жаңашылдық болды. Енді бұл адамдар прокурордың қалай жұмыс істейтіні, сот отырысы қалай өтетіні, қандай бөліктерден тұратыны туралы білді.


"Қазақстанда халықтың құқықтық сауаттылығының төмен деңгейіне байланысты бұл отырыс соттың қалай жұмыс істейтінін көрсетуге мүмкіндік берді. Әрине, жазалау шарасының қатаңдығы сотқа деген сенімді арттыруға да әсер етті. Білім мен ашықтық бұл халықтың мемлекеттік органдардың жұмысына деген сенімін қамтамасыз етудегі алғашқы және маңызды қадам", - деп санайды заңгер.

Бұл көзқарасты заң кеңесшісі Айман Айсина толықтырады:


"Процесс алқабилердің қатысуымен өткендіктен, мемлекет осы маңызды институттың дамуына назар аударуы керек. Сондай-ақ, бұл іс онлайн өтуіне байланысты сот залдарының техникалық жабдықталуына баса назар аударылды", - деді ол.

Жария болмай тұрып, сенім ұялатса


Мемлекеттік органдарға деген шынайы сенім жәбірленуші оқиғасы дүйім жұртшылыққа мәлім болмай тұрып, өзін қорғай алатындай жағдай туса ғана мүмкін болмақ.


"Өкінішке орай, біз полицияның, прокуратураның немесе соттың адал және ашық жұмысын қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударуға мәжбүрміз", - деп қорытындылайды заңгер.

Еске салсақ, Айтбек Амангелді өз мақсаттары мен қоғамдық қызметі туралы ақпаратты Taspanews.kz редакциясына мәлім еткен.