Жақында екі рет қызды болған Баян Алагөзова құпиясын бөлісті

Фото: instagram.com/bayanmaksatkyzy_

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы тұңғышы Айсәуле Бақытбекке сұқбат беріп, суррогат ананың көмегіне жүгінгені жайлы ашып айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Продюсердің сөзінше, жұбайы оның денсаулығына алаңдап, баланы өзі көтергеннін қаламаған.


«Сегіз жыл бұрын сүйікті адамыма тұрмысқа шыққаннан кейін балалы болуды қаладым. Соңғы бес жылда үнемі ойлап жүрдім. Одан кейін денсаулығымды реттеуге уақыт кетті. Көп ота жасалып, физикалық тұрғыда шаршап қалдым. Тұрмыс құрған алғаш кезеңде ол туралы ойламадым. Бір күні Тұрсен екеуміз балаға қатысты тақырыпты талқыладық. Ол «Онсыз да сенің денсаулығың көп сынақтан өтті, саған қиын болғанын қаламаймын» деді. Бір жағынан жас ерекшелігімді де еске салды. Ол кезде менің жасым 45-те еді. Тұрсен маған бірден «Баланы өзің көтергеніңді қаламаймы» деді. Қазір заман дамыған. Басқа да жолдары бар екенін айтты», - деді продюсер.


Баян Мақсатқызы тағы ана болу жолында екі рет түсік тастағанын да жасырмады.


«Мен өте көп анализ тапсырдым. Үш ай бойы менің денсаулығымды бақылады. Қорытындысы өте жақсы шықты. Маған табиғи жолмен бала көтере алатынымды айтты. Бірақ мен қарсы болдым. Себебі табиғи жолмен ана болуға дайын болмадым. Суррогат ананың көмегіне жүгінуді ұсынды. Оған қатысты да бірнеше ақпаратты түсіндірді. Біз келісіп, енді сол бағытта жұмыс істей бастадық. Тұрсеннің биоматериалын сақтап қойдық. Төрт жыл бұрын алғашқы қадам сәтсіз болды. Ұрықты орналастырғаннан кейін екі апта өткен соң дамымай қалып, түсік тастадым. Тұрсен «Онда тұрған ештеңе жоқ, демек уақыты әлі келмеді» деді. «Тағы бір рет талпынып көрейік» деген ой айтты. Сәтсіз оқиғаға екі жылдан кейін тағы тап болдық. Ол кезде де ұрық дамымай қалып, түсік тастадым. Бізге орталық мамандары хабарласып, жағдайды айтып берді. Ұл бала дамып келе жатыр еді. Тұрсен де екі рет сәтсіз болса да, күлімдеп «Тағы да көрейік» деді. Ақыры екі қыздың ата-анасы атандық», – деді Баян Алагөзова.  


Пост из социальной сети