Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен қылмыстық топтар ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК

Қазан айында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында есірткі сатумен айналысқаны үшін күдікке ілінген 2 қылмыстық топ анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК сілтеме жасап.


14 кг-нан астам гашиш пен 42 кг марихуана сатпақшы болғандар сот санкциясымен қамауға алынды.


Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3 бөлігі асында тергеп-тексеру жүргізілуде.


Еске салсақ, 7 қазанда Алматы облысында күдікті есірткі дайындау барысында ұсталды.