Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ сотталды

Фото: Pexels

Жамбыл облысында бірқатар мал ұрлығы фактілері әшкереленіп, сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


2024 жылдың қазан айынан бастап Т.Рысқұлов ауданында ауыл тұрғындарының малдарының жоғалуына байланысты 5 қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Луговой ауылының 4 тұрғыны ұсталды.


Тергеу барысында олар түнгі уақытта жайылып жүрген жылқы мен сиырларды заңсыз иемденіп, сойып, етке өткізгені анықталды.


Қылмыстық топ 13 бас малды ұрлап, жәбірленушілерге 4,6 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Аудандық соттың 2024 жылғы 20 желтоқсандағы үкімімен төрт күдікті ҚР ҚК 188-1-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Сондай-ақ, 2024 жылдың қыркүйек және қараша айларында 17 бас мал ұрлығының екі фактісі анықталып, келтірілген залал 7 млн теңгені құрады.


Бұл қылмысқа қатысы бар екі азамат 3 жыл 6 ай және 5 жылға сотталды.Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.