Жамбыл облысында мектеп оқушысын қаза еткен жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты

Pexels фото на taspanews.kz от 14 февраля 2025 22:21
Фото: Pexels

Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  кәмелетке жетпегендердің оқушы баланы қаза еткені бойынша сот ісі қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жамбыл соттарына сілтеме жасап.


Жамбыл облысы, Меркі ауданында 2024 жылы, мамыр айында сотталушылар мен жәбірлену арасындағы жанжалдың нәтижесінде, мектеп оқушысы желкесінен темір кастет арқылы соққы алып, қаза тапты.


Сотталушының бірі бұл іске екіншісін итермелеп, нұсқау еткен. Күнә дәлелденді. Сотталушылар күнәсін жартылай мойындады.


Сот үкімімен, қылмысқа итермелеген жасөспірімге 11 жыл бас бостандығынан айыру, екінші сотталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. Әрбірінің заңды өкілдерінен 10 млн өтемақы өндірілді.


Үкім заңды күшіне енбеді.


Следите за новостями Taspanews