Жамбыл облысында террористік акт туралы жалған хабар таратқан адам ұсталды

Фото: Pexels

Жамбыл облысында мекемелердің бірінде жарылғыш заттың бары туралы жалған хабар таратқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Террористік актіні болдырмау үшін Жамбыл облысы ПД, жедел әрекетке бағытталған арнайы жасақ және ҰҚКД, ТЖД бағыт алған. Алайда, ақпарат жалған болып шыққан. Еш айғақ табылмады.


Ұялы телефон операторлары орналасқан ғимарат ішінде жарылғыш заттың барын айтқан 42 жасар ер адам Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде табылған.


Ер адамның ұялы телефоны тәркіленді. Келесі кезекте 50 мың теңге АЕК төлеу, түзеу жүмыстары, 5 жылға бостандық шектеу немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазалардың бірі қолданылады.