Жамбыл облысында TikTok "жұлдызына" айналған көлік жүргізушісі ұсталды

Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысында TikTok-та "батыр" атанған жүргізушіге 147 680 теңгеге айыппұл салынды, – деп хабарлады Taspanews.kz редакциясына облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жақында әлеуметтік желілерде жас жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған кадрлар пайда болды. Ол әртүрлі айлаларды жоғары жылдамдықпен орындап, қауіп төндірген.


Сонымен қатар, Lexus IS-F иесінің көлігі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, ал әйнектері толығымен қара түсті, қапталған болған.