Жамбыл облысында тракторлар қар құрсауында қалып қойған

Фото: Depositphotos

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Момышұлы-Қошқарата жолында 3 трактор қар құрсауында қалып қойған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын көлікпен оқиға орнына жетпекші болған, алайда жолды қар жауып қалғандықтан, жаяу жүруге де мәжбүр болды. Осылайша, көлік жүргізушісін бағыттаумен болды.


Нәтижесінде, 6 адам қар құрсауынан құтқарылып, Көлтоған ауылына жеткізілді.Тракторлар жақын маңдағы елді мекенге сүйретілді.