Жамбыл облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 56 құрылыс іске асуда

Жамбыл тұрғын үй қамтамасыз ету фото на taspanews.kz от 31 июля 2024 09:54
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысында 56 тұрғын үй құрылысы басталды, соның 51-і жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Биыл тұрғын үймен қамтамасыз етуіді арттыру 227,1 пайызға арттыру жоспарлануда. Өткен жылы бұл көрсеткіш 100,2% құраған. Ал кезекте тұрған адам саны – 38 503.


Кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамтамасыз ету шаралары үшін 2909 пәтерлі көпқабатты үйлер қарастырылған. Құрылыс жүруде. Бұл мақсатта 12,3 млрд. теңге қаражат жұмсалған.


14 шағынауданда 5,2 млрд. теңгеге 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. 


Әлеуметтік осал 1575 адам арендалық тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 


Бұл мақсатта «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен коммуналдық тұрғын үй қорынан сәйкес іс-шаралар жүзеге асуда:


"Коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілетін 354 пәтер, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен жекешелендіру құқығымен жалға берілетін 1 221 пәтер сатып алуға қаражат қаралды. Өткен жылмен салыстырғанда пәтер 2 есеге (2023 ж. – 864 пәтер), ал қаражат көлемі 3 есеге (2023 ж. – 7,8 млрд., 2024 ж. – 23,2 млрд) артты. 2 173 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй (2023 ж. — 1 122 м²), 2 151 шаршы метр әлеуметтік кредиттік тұрғын үй (2023 ж. — 782 м²) бөлінеді",  – Жамбыл облысы әкімдігі

Мәселе қолға алынғаннан бері 6 айлық көрсеткіш белгіленді. Онда  104 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үй мен жеке инвестиция есебінен салынған 383 пәтерлі 11 үйдің құрылысы аяқталғаны белгілі болды.


2 173 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй (2023 ж. — 1 122 м²), 2 151 шаршы метр әлеуметтік кредиттік тұрғын үй (2023 ж. — 782 м²) бөлінеді.


Следите за новостями Taspanews