Жамбыл обылысында заңсыз көші-қон арнасы әшкереленді

Фото: ҚР Бас прокуратурасы
Жамбыл облысында, Қордай ауданында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған топ ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастырған үш жергілікті тұрғын анықталды. Олар Өзбекстан азаматтарының Қазақстан-Қырғызстан шекарасын бақылау-өткізу бекетінен тысқары заңсыз кесіп өтуіне көмектескен. Бұған дейін шекараны заңсыз өткен үш өзбекстандық ұсталып, сот шешімімен 6 айға бас бостандығынан айырылып, елден шығарылған болатын.
Тергеу нәтижесінде, заңсыз көші-қон арнасының ұзақ уақыт бойы жұмыс істегені белгілі болды. 2025 жылғы 21 қаңтарда ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.