Жаңа заңға сәйкес автобус жүргізушісі қызметіне 23 жастан бастап кірісуге болады
Автобус жүргізушісі қызметіне ендігі кезекте 25 жастан емес, 23 жастан бастап қабылдайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Qazaqstan Media» желілік басылымына сілтеме жасап.
Осыған дейін кадр тапшылығы салдарынан жолаушылар тасымалымен айналысатын бизнес өкілдері дабыл қағып келген. Билікке дейін жеткен бұл сұрақ шешімін тапты. Осы орайда жақында қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылу нәтижесінде, азаматтар 23 жастан бастап автобус жүргізуге құқылы.
Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев бұл шешім жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтінін айтты.
Жаңа өзгерістің бірі – жүргізу өтілінің бес жылдан үш жылға дейін қысқартылуы.