Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында 105 отбасы үйлі болды

Жетісу облысы әкімдігі фото на taspanews.kz от 31 декабря 2024 16:26
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

31 желтоқсан күні Жетісу облысында тұрғын үйлерді табыстау рәсімі жүргізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Талдықорған мен Жаркент қалаларында жаңа үй кілттерін табыстау рәсімі өтті. Соның ішінде 25 кезекте тұрған көпбалалы отбасы “Береке” коттедж үйлерінен үй иеленді.


«Бұл менің отбасым үшін Жаңа жылға үлкен сый болды. Тұрғын үй кезегінде 10 жылдан астам тұрдым. Осы сәтті ұзақ күттік. Біздің отбасымызды қуанышқа кенелткен азаматтардың бәріне шын жүректен алғыс айтамын”, - деді 7 баланың анасы Гүлнұр Нұрымбетова:

 Талдықорғанда жыл басынан бастап кезекте тұрғандарға 1283 пәтер берілді. Жаркент қаласы, Панфилов көшесінде 80 пәтерлік үй қолданысқа берілді. Бұл үйлер әлеуметтік осал топтарға, асыраушысыз қалған балалар мен басқа да санаттар бойынша мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж азаматтарға қамтамасыз етілді.


Панфилов ауданында жыл басынан бері кезекте тұрған 700 адам үйлі болды.


Следите за новостями Taspanews