Жаңа жылдық от шашудан 63 адам зардап шеккен
Фото: Pexels
Жаңа жылды тойлау барысында пиротехникалық құралдардан 63 адам зардап шекті, оның 20-сы балалар, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Барлық зардап шеккендерде көздері жарақаттанып, мөлдір қабақтары күйді, денесінің кей бөліктерін күйік шалып, қолдарына зақым келді. Олардың бірі іштің алдыңғы қабырғасын жарақаттаған, қазіргі таңда жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен елордалық денсаулық сақтау басқармаларының ақпаратына сай, от шашу зардабынан 12 адам мен 5 бала ауруханаға жатқызылды. 51 азамат пен 15 бала амбулаторлық ем қабылдауда.
«Өңірлер бөлінісінде: Алматы қаласында - 19 адам, Жамбыл облысында - 11 адам, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6 адам, Ақтөбе облысында-2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті»,