Жасанды интеллект мұнай өндіру көлемін қалай арттыра алады?

 Freepik фото на taspanews.kz от 05 марта 2025 16:43
Фото: Freepik

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ныі еншілес компаниясы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС сарапшысы Дәуір Ақтаукенов «Жас ғалым» жобасы аясында жеңімпаз атанып, 30 млн теңге көлемінде грант алды. Гранттық қаржыландыру мұнай өндіру ұңғымаларының жағдайын мониторингілеу, диагностика жүргізу және предиктивті талдау жасау үшін машиналарды үйрету әдістерін зерттеу мен енгізуге бағытталмақ, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Зерттеу жобасы мұнай өндірушілер үшін жасанды интеллекттің озық әдістерін пайдалану арқылы «ақылды көмекші» қызметін атқармақ. Нақты уақыт режимінде ұңғымалардан алынған мәліметтер, соның ішінде қысым, температура және сұйықтық құрамы талданып, кез келген ауытқуларды анықталмақ. Бұл жабдық проблемаларын немесе өндіріс қабатындағы өзгерістерді алдын ала болжауға мүмкіндік береді.


Жобаның мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, ұңғымалардың жұмысын оңтайландыру және мұнай өндіруді арттыру. «Интеллектуалды кен орны» жобасы аясында ҚазМұнайГаздың бірнеше кен орындарында SCADA жүйелерінен алынған мәліметтер ABAI ақпараттық жүйесінде өңделеді, нәтижесінде ұңғымаларды жөндеуден бастап жабдықты таңдауға дейінгі барлық процестер оңтайландырылатын болады. Бұл жобаның ҚазМұнайГаз үшін ресурстық базаны ұлғайту, өндіру тиімділігін арттыру және операциялық шығындарды азайту мақсатында стратегиялық маңызы зор.


Следите за новостями Taspanews