«Жасарып кетіпсіз»: 10 келі тастаған Бүркіт көпшілікті таңғалдырды
Фото: Видеодан скриншот instagram.com/berkut_aibekjan
Танымал әнші Айбек Жансейітов 10 келі салмақ тастады. Бұл туралы Taspanews.kz Бүркіттің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі желіге билеп жүрген видеосын жүктеп, өзін өте жақсы сезінетінін, оған себеп 10 келіге арықтауы болғанын түсіндірді.
«Ассалаумағалейкүм, 10 келі салмақ тастаған кездегі жай-күйің», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің бірден жасарып кеткенін байқап, жылы лебіздерін білдірді.
«Бүркіт балам, отсың», «Мұндай жағдайға жету нағыз ғажайып қой», «Мен де 10 келі арықтасам, осындай видео түсіремін. Әрдайым осындай позитивті көңіл күйде жүріңіз», «Жасарып кетіпсіз», «Сіз үшін қуаныштымын», «Жарайсыз, дұрыс тамақтану керек», – деді олар.
Пост из социальной сети