Жеке кәсіпкердің құқығына немқұрайлықпен қараған Алматы әкімдігі әкімшілік жауапқа тартылды
Фото: Pexels
Жолды күрделі жөндеу бойынша жеңімпаз атанған жеке кәсіпкердің нәтижелерін жоққа шығарып, жаңа конкурс жариялаған Алматы әкімдігі ісі қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Сот осы кәсіпорын иесімен келісімшарт жасасуға міндеттегеніне қарамастан, әкімдік қайта конкурс жариялаған.
Нәтижесінде, әкімдіктің екі басқарма басшысы Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны және прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 173 және 664-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.