Жеке меншік мектептердегі әлеуметтік осал топтық оқушылар мемлекеттен көмек алатын болады
Фото: Pexels
6 қараша күні Оқу-ағарту министрі мемлекеттік ғана емес, сонымен қатар жеке меншік мектептерде де әлеуметтік осал топтағы оқушыларға арнайы көмек көрсетілетінін айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті тікелей эфиріне сілтеме жасап.
6 қарашада Мәжілістің жалпы отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев депутат сауалына жауап ретінде жеке меншік мектептегі балаларға көмек көрсетілу жаңа заң жобасында қарастырылғанын түсіндірді.
Депутат сауалы ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы ҚР Заңының жобасы бірінші оқылымы аясында қойылды.